2019 жылдың 10 қаңтарында халық арасында АИТВ-жұқпасының алдын алу бойынша ақпараттану деңгейін арттыру аясында Алматы облыстық ЖИТС орталығының мамандары Іле ауданы бизнес-құрылымдарында, атап айтқанда: «Санкари Моторс», «Медиатекс-Н», «Райымбек-Алко», «Первый Пивзавод» ЖШС-терінде семинарлар ұйымдастырды.


Іс-шараның негізгі мақсаты – қызметкерлерге АИТВ жұқпасына тест жасаудан қорықпау керектігін түсіндіру, АИТВ-мен өмір сүретін адамдарға ынтымақтастық пен толерантты қарым-қатынас жасап, кемсітушілікке жол бермеуге шақыру.


Эпидемиолог дәрігер  Г.Жақанова АИТВ жұқпасының алдын алу туралы презентация жасап, қатысушыларға аймақтағы эпидемиологиялық жағдай, жұқпаның берілу жолдары және қорғау шаралары туралы айтты.


Қазақстан Республикасында АИТВ жұқпасына тестілеу және емдеу мемлекеттік қаражат есебінен ақысыз негізде жүзеге асырылады. Яғни, жұмыс беруші бұл ауруға қатысты  ешқандай материалдық шығын шекпейді.  АИТВ-сі оң  адамдардың да өзгелер сияқты жұмыс істеуге құқы бар және олар еңбек міндеттерін орындау барысында өз әріптестеріне мүлдем қауіпсіз. Осының барлығы АИТВ-жұқпасының бизнеске теріс әсер етпейтінін айғақтайды.  


Әрбір семинардың соңында ақпараттық-білім беру материалдары, плакаттар, жетекшілерге арналған жадынамалар таратылды.