1 ақпан 2019ж.

Алматы облысы, Талдықорған қалалық №15 және №16 жалпы білім беретін мектептердің жоғары сынып оқушылары үшін АИТВ жұқпасының алдын алу жөнінде семинар өткізілді.


Жасөспірімдерге бұл жұқпаның берілу және алдын алу шараларын түсіндіріп, сақтануға үндейтін іс-шарада дәрігер-эпидемиолог Р.Ақашева мен эпидемиолог көмекшісі  И.Баймолданов аймақтағы соңғы эпиджағдаймен таныстырып, бейнеролик көрсетті. Сондай-ақ, туберкулез, менингококк жұқпасының алдын алу, МӘМС  қағидаттарын сөз етті.


Оқушылар сұрақтарын қойып, дәрігерлермен еркін пікір алмасты.


530 АОҚ, 3 плакат таратылды.