7 ақпан 2019ж.

 

6 ақпан күні «Дарынды балаларға арналған «БІЛІМ-ИННОВАЦИЯ» Талдықорған мамандандырылған лицей-интернаты» КММ-нің акт залында және №11 орта мектебінде 9-11 сынып оқушылары үшін «Жастар арасында АИТВ жұқпасының алдын алу» тақырыбында семинар өткізілді.

 

Жоғары сынып оқушылары алдында Алматы облыстық ЖИТС орталығының дәрігер-эпидемиологы Д. Серікболатов сөз сөйледі.

 

Д. Серікболатов АИТВ және ЖИТС дегеніміз не, АИТВ-жұқпасының берілу жолдары туралы айтып, жасөспірімдер арасында осы аурудың алдын алу мәселелеріне толық тоқталды. Маман атап өткендей, өскелең ұрпақ зиянды әдеттер – есірткі мен ішімдіктен тартынып, салауатты өмір салтын насихаттауға баса назар аударуы керек.

 

Өз кезегінде дәрігер-эпидемиолог оқушыларға аймақ бойынша эпиджағдай және апатты жағдайлар туындаған жағдайдағы іс-әрекеттер туралы ақпарат берді. Сондай-ақ МӘМС негізгі ережелері туралы айтты.

 

Іс-шараның қорытынды бөлімінде әлеуметтік бейнероликтер көрсетілді.

 

Іс-шараға 335 адам қамтылды.