11 наурыз 2019ж.


Ақсу ауданы Қапал ауылының Ғ. Орманов және Е. Жайсанбаев атындағы орта мектептерінің мұғалімдері мен жоғары сынып оқушыларымен кездесу-семинар өтті.


Алматы облыстық ЖИТС-тың алдын алу және оған қарсы күрес орталығының Талдықорған филиалының алдын алу бөлімінің маманы Рая Ақашева қатысушыларды аймақтың эпиджағдайлары, АИТВ, туберкулез және менингокок жұқпаларының  алдын алу шаралары туралы хабардар етті, соңында қатысушылардың сұрақтарына жауап берді. Ал педагогтарды МӘМС шеңберінде көрсетілетін медициналық көмектің көлемі қызықтырды.

Іс-шараларға 84 адам қамтылды. АОҚ және 4 плакат таратылды.