12 наурыз 2019ж.

ЖИТС-тың алдын алу және оған қарсы күрес жөніндегі облыстық орталығының мамандары Талдықорған қаласының №12 орта мектебінде 8-9 сынып оқушылары мен мұғалімдері арасында «АИТВ-жұқпасының алдын алу» тақырыбында семинар өткізді.


Дәрігер-эпидемиолог Р.Ақашева  жұқпаның берілу жолдары мен алдын алу әдістері, сондай-ақ адамның иммунитет тапшылығы вирусынан қорғану құралы ретінде жауапты мінез-құлықтың маңыздылығы туралы айтып берді.

Ал оқытушыларға МӘМС-тің мемлекеттік кепілдіктері мен артықшылықтары туралы түсіндірді.

Кездесу соңында сауалнама жүргізіліп, 174 ақпараттық-білім беру материалдары мен 2 плакат таратылды.

Шараға 132 оқушы мен 42 мұғалім қамтылды.