13 наурыз 2019ж.


Алматы облысының Жастар ресурстық орталығында (Талдықорған қ.) Алматы облыстық ЖИТС орталығы мамандары «АИТВ-жұқпасының алдын алу» тақырыбында семинар өткізді.


Семинардың мақсаты: кезекті рет мәселеге назар аудару, жастардың бойында салауатты өмір салтын қалыптастыру, тәжірибе алмасу және жастармен алдын алу жұмысында басым бағыттарды белгілеу.

Семинарға Ресурстық орталықтың қызметкерлері, жастар ісі жөніндегі комитет төрағалары, өңірдің оқу орындарының психологтары қатысты.


Дәрігер-эпидемиолог Р. Ақашева облыстағы эпиджағдай туралы, АИТВ-жұқпасының алдын алу шаралары және МӘМС тиімділігі туралы айтып, қатысушылардың барлық сұрақтарына жауап берді.


38 адам қамтылды. Ақпараттық-оқыту материалдары мен плакаттар таратылды.