14 наурыз 2019ж.

Бүгін Талдықорған қаласында Облыстық Денсаулық сақтау басқармасы, СӨСҚ,  ЖИТС орталығы,  ҚДСД басшылары, ОТҚД фтизиатрлары және «Жетісу» телеарнасының қатысуымен Дүниежүзілік туберкулезге қарсы күрес күніне арналған «2022 жылға дейінгі кезеңге арналған туберкулезге қарсы күрес бойынша БҰҰ-ның саяси декларациясының мақсаттарына қол жеткізуге өз үлесімді қосудың уақыты келді» ұранымен баспасөз конференциясы өткізілді.


Журналистерге арналған шараны Облыстық туберкулезге қарсы диспансер  ұйымдастырды.


Баспасөз конференциясын ОТҚД директоры Д.Әсемғалиев кіріспе сөзбен ашты. Туберкулезбен күрес бойынша 2018 жылдың негізгі қорытындыларын директордың ӨМЖ жөніндегі орынбасары Г.Таимбетов баяндады.


Алматы облыстық ЖИТС-тің алдын алу және оған қарсы күрес орталығының дәрігер-эпидемиологы  Р.Ақашева «ТБ/АИТВ анықтау, диагностикалау және емдеу бойынша іс-шаралар: негізгі жетістіктер, проблемалар және шешу жолдары» тақырыбында баяндама жасады.


Ортақ мәселе талқыланған соң қорытынды шығарылды.