8 сәуір 2019ж.  Дүниежүзілік Денсаулық күні сәуірде аталып өтілетіні тегін емес шығар. Өйткені «Сәуір болмай тәуір болмас» дейді табиғат тілін ұққан дана қазақ.


Салауатты өмір салтын насихаттайтын әлемдік мерекені Алматы облыстық ЖИТС-тің алдын алу және оған қарсы күрес орталығының ұжымы да қуана қуаттап, салауатты үзіліс өткізді. Кабинеттегі кісі қабылдау, қағазбасты жұмыстан бір сәтке қол үзіп, таза ауада спорттық жаттығулар жасап, денелері де, көңілдері де бір сергіп қалды. Орталық қызметкерлері «Осы қимылдарды күнде жасасақ қой» деген ниетпен жұмыс орындарына оралды.

Салауатты өмір салты – әрбір қазақстандықтың тіршілік салты болса ғанибет болар еді!