9 cәуір 2019ж.

 

Бүгін ҚР Ұлттық кітапханасында зерек жасөспірімдерге арналған «Farabi shakirti»  атты үш тілді журналдың тұсаукесері өтті.


Танымал кәсіпкер-журналист Ахмет Аляз ашқан басылым тұсаукесеріне белгілі ғалым-ұстаздар, тіл мамандары, қоғам қайраткерлері: Шәмшә Беркімбаева, Айгүл Ісмақова, Дандай Ысқақов, Асқар Жұмаділдаев, т.б. тұлғалар қатысып, игі тілектерін білдірді.


Қонақтар қатарында іс-шараға қатысқан Алматы облыстық ЖИТС орталығының баспасөз хатшысы Г.Шонабай ақпарат айдынына бет алған жаңа басылымға табыс тілей отырып,  жас ұрпақ денсаулығы, АИТВ жұқпасының алдын алу  мәселелерін де назардан тыс қалдырмай, бірлесіп жұмыс істеуге шақырды.