9 сәуір 2019ж.

 

Алматы облыстық ЖИТС орталығына қарасты Талдықорған қаласы филиалының дәрігер-эпидемиологтары: Р.Ақашева, Д.Серікболатов, эпидемиолог көмекшісі И.Баймолданов қалалық Ш.Уәлиханов атындағы №10 орта мектеп, Өтенай ауылындағы мектепке дейінгі шағын орталығы бар №21 орта мектеп жоғары сынып оқушылары және Талдықорған Заң колледжі студенттері мен оқытушыларына арнап семинар өткізді.


АИТВ жұқпасының 2018 жылғы эпидемиологиялық жағдайына, АИТВ жұқпасының жұғу жолдары мен алдын алу шараларына тоқталған дәрігерлер менингококк жұқпасы, міндетті әлеуметтік сақтандыру шарттары мен артықшылықтары  жайлы да әңгімелеп, қатысушылар сұрақтарына жауап берді.


Іс-шараларға 235 адам қамтылды. 720 ақпараттық-оқыту құралдары, плакаттар таратылды.