Created: 13 Желтоқсан 2019
1023

Студенттер қауіпті дерттің алдын алудың маңыздылығын ұғынды

28 қараша 2019ж.

 

Бүгін Алматы облыстық ЖИТС орталығына қарасты Талдықорған филиалының дәрігер-эпидемиологы Д. Серікболатов және СӨСС мамандары М. Сыдықбекова, А.Сұлтанбаева Ө.А.Жолдасбеков атындағы Экономика және құқық академиясының 2,4 курс студенттеріне Дүниежүзілік ЖИТС-ке қарсы күрес кампаниясына арналған семинар өткізді.

 

Дәрігерлер студенттерге АИТВ жұқпасының ерекшеліктері, қауіпті вирусты жұқтыру жолдары туралы кәсіби және түсінікті тілмен айтып берді, сондай-ақ Алматы облысында қалыптасқан эпидемиологиялық жағдаймен таныстырды.

 

Кездесу барысында студенттер мен оқытушылар дәрігерге талқыланып отырған тақырыпқа қатысты бірқатар сұрақтар қойды, сондай-ақ викторина кезінде белсенділік танытты.

 

Дәрісті 154 адам тыңдады.