Created: 13 Желтоқсан 2019
1125

Талғар аудандық ауруханасындағы Ашық есік күні

26 қараша 2019 жыл

 

Талғар аудандық ауруханасындағы Ашық есік күні

 

Талғар ауданының орталық ауруханасында тұрғындар үшін АИТВ-ның алдын-алуға арналған Ашық есік күні өтті.

 

Шараны облыстық ЖИТС-тің алдын алу және оған қарсы күрес орталығының мамандары жастар денсаулық орталығымен бірлесіп өткізді.

 

Шара барысында аудан тұрғындары Алматы облысындағы АИТВ жұқпасының жай-күйі туралы біліп қана қоймай, сонымен қатар вирустың үш жолмен: қан арқылы, жыныстық қатынас арқылы және анадан балаға берілетінін анық түсінді. Сондай-ақ, экспресс-тестілеу арқасында өз АИТВ-статусын білуге ​​және ЖИТС орталығы мамандарынан кеңес алуға мүмкіндік алды.