Created: 13 Желтоқсан 2019
933

Неліктен АИТВ жайлы білу өте маңызды?

26 қараша 2019ж.

 

Неліктен АИТВ және өз статусыңды білу өте маңызды? Жақын адамдарыңызға АИТВ жұқтырмас үшін, әрине, білу маңызды. АИТВ жұқпасын ерте анықтау сізге емді уақтылы бастауға және АИТВ жұқтырған адамның өмірін едәуір жақсартуға мүмкіндік береді.

 

Бұл туралы Талғардағы №5 және №49 орта мектеп оқушылары 21 қарашада Дүниежүзілік ЖИТС-пен күрес науқанына арнап Алматы облыстық ЖИТС-пен күрес орталығының мамандары Талғар ауданы жастар денсаулық орталығымен бірлесіп ұйымдастырған  акция барысында білді.

 

Эпидемиологтар Айкерім Сұлтанова мен Ольга Потуданская балаларға инфекцияның таралу жолдары мен алдын-алу шаралары, аймақтағы эпидемиологиялық жағдай туралы айтып берді, «АИТВ» және «СПИД» ұғымдарын түсіндірді.

 

Әрі қарай Талғар жастар ресурстық орталығының өкілдері жастарға көрсетілетін қызмет түрлері туралы бөлісті.

 

Кездесу соңында спикерлер жиналғандардың сұрақтарына жауап берді.