13 мамыр 2019ж.


12 мамыр – Халықаралық медбикелер күні. Алматы облыстық ЖИТС-тің алдын алу және оған қарсы күрес орталығында 32 медбике мен мейіргер жұмыс істейді.


Бүгін айтулы мерекеге орай орталық директоры С.Сауранбаева ұжымды мәжіліс залына жинап, еселі еңбек иелерін төл қуаныштарымен құттықтады.


Денсаулық сақтау жүйесінің бөлінбес бөлшегі және мейірімділік символы – медбикелікті өміріне арқау етіп, өз міндетіне адалдық танытып жүрген және оны кәсіби шеберлікпен ұштастыра білген орталықтың бірнеше медбикесі: Л.Карисова,  Г.Көсеубаева, И.Колодкина, Н.Ақбергенова, М.Баткалова, А.Есжанова, Қ.Әуезбаева, Г.Әубәкірова, К.Байдельдаева, Ж.Байқонысова, А.Жампейісова, Л.Қасымова, А.Сатылғанова, т.б. «Қазақстандық денсаулық сақтау қызметкерлерінің салалық кәсіптік одағы» қоғамдық бірлестігінің Құрмет грамоталарымен  марапатталды.