14 мамыр 2019ж.

 

Студенттер мен оқытушыларға дәрігер-эпидемиолог У.Құрбанова АИТВ мен ЖИТС жайлы маңызды ақпаратты жеткізді, яғни алдын алу, ақпараттандыру мен қорғану шаралары туралы айтты.

 

Семинар барысында жастар АИТВ/ЖИТС індетінен сақтандыратын алдын алу шараларымен таныстыруды мақсат тұтқан сауалнаманы толтырды. Осылайша, мамандар АИТВ/ЖИТС жайлы тұрғындарды ақпараттандыру жұмыстарының тиімділік дәрежесін анықтамақ.

 

Іс-шара соңында студенттер өздерін қызықтырған сұрақтарын қойып, мардымды жауаптар алуға мүмкіндік алды. Ал соңында көпшілікке АОҚ таратылды.

 

Акцияға 1080 студент пен 130 ұстаз тартылды.