14 мамыр 2019 ж.

 

Мамыр айындағы еске алу шаралары  Есік қаласындағы кәсіптік-техникалық колледжде де өтті, оған әр түрлі факультеттердің 300-ге жуық студенті қатысты.

 

Жастар алдында Алматы облыстық ЖИТС орталығының дәрігер-эпидемиологы Умида Құрбанова сөз сөйлеп, аймақтың қазіргі эпидемиологиялық жағдайы туралы айтып, АИТВ-ның алдын алу шараларына тоқталды.

 

Одан кейін эпидемиолог көмекшісі Ольга Потуданская ЖИТС-тен қайтыс болған адамдарды еске алу халықаралық күні туралы мазмұнды мағлұматтар айтып, тыңдаушыларды әлем, Қазақстан және Алматы облысындағы статистикалық мәліметтермен таныстырды.

 

Қатысушылар бейнероликтерді көргеннен кейін өз сұрақтарын қойды.

 

Іс-шараға 322 студент және 22 педагог қамтылды.