15 мамыр 2019ж.

 

Халықаралық ЖИТС-тен қайтыс болғандарды еске алу күнінің басты мақсаты – ЖИТС-тен қайтыс болған адамдарды еске түсіру ғана емес, сонымен қатар халыққа АИТВ жұқпасының алдын алудың маңыздылығы туралы еске салу,  бұл жұқпамен өмір сүретін адамдардың құқықтарын сақтау және стигма мен кемсітушілікпен күрес мәселелеріне бүкіл жұртшылықтың назарын аудару болып табылады.

 

Алматы облыстық ЖИТС орталығының мамандары Түрген ауылындағы «Голд Продукт» акционерлік қоғамы  ұжымына еске алу күнінің тарихы туралы айтып,  аймақтағы соңғы эпидемиологиялық жағдай туралы мәліметтер келтірді.

 

Сөз сөйлеуден кейін әр түрлі сұрақтар талқыланып, қатысушылар сұрағына жауап берілді.

 

Іс-шараға компанияның 192 жұмыскері қамтылды.