22 мамыр 2019ж.

 

«Талдықорған Авто» ЖШС қызметкерлері мен келушілері үшін ЖИТС құрбандарын еске алу күніне арналған дәріс-акция өтті.

 

Дәрістің мақсаты – халықты, әсіресе жастарды АИТВ жұқпасының алдын алу мәселелері бойынша ақпараттану деңгейін арттыру, кемсітушілікті жою, медициналық көмекке уақытылы жүгінудің маңыздылығы, өз денсаулығы мен жақындарының денсаулығы үшін ортақ жауапкершілік туралы түсіндіру.  

 

Іс-шараны Алматы облыстық ЖИТС орталығы филиалының дәрігер-эпидемиологы Д.Серікболатов және эпидемиолог көмекшісі И. Баймолданов өткізді.

 

280 ақпараттық-оқыту құралы және 4 плакат таратылды. Іс-шараға 140 адам қамтылды.