7 маусым 2019ж.

 

6 маусым күні Алмат ыоблыстық ЖИТС орталығының мамандары «АИТВ жұқпасының алдын алу» тақырыбында «CENTRE Nova DIAGNOSTIC» ЖШС-інің Талдықорған филиалының және «СпецШинТоргЖетысу» ЖШС-і қызметкерлерімен семинар өткізді.

 

Іс-шара барысында дәрігер-эпидемиолог Д. Серікболатов  аудиторияны АИТВ жұқпасының берілу жолдары мен алдын алу шаралары туралы хабардар етті.  Семинарға қатысушылар Алматы облысындағы 2018 жылдың қорытындысы бойынша АИТВ жұқпасының эпидемиологиялық жағдайымен, қоғамда АИТВ-позитивті адамдарға толерантты қарым-қатынасты қалыптастыру проблемалары туралы, сондай-ақ міндетті медициналық сақтандырудың артықшылықтары туралы танысты.

 

Қатысушылар өз сұрақтарына толық жауап алды.

 

Барлығы 19 адам қамтылды.  60 АОҚ және 3 плакат таратылды.