19 маусым 2019ж.

Алматы облыстық ЖИТС орталығына қарасты Талдықорған филиалының мамандары бизнес құрылымдарында семинарлар өткізуді жалғастыруда.

Бүгін дәрігер-эпидемиолог Д.Серікболатов және эпидемиолог көмекшісі И.Баймолданов «ГИГ MASTER FAKEL» мен «Талдықорған Факел» ЖШС-тері жұмысшылары, сондай-ақ «Шаған» ЖШС және «Астана» мен «Дәулет» сауда үйлерінің қызметкерлері арасында семинарлар өткізді.

Дәрігерлер халықты АИТВ-жұқпасы бойынша аймақтың эпиджағдайы туралы хабардар етті, АИТВ-ның берілу жолдары, алдын алу шаралары, сондай-ақ МӘМС жүйесі туралы айтып, сұрақтарға жауап берді.

Іс-шараларға 190 адам қамтылды. Баршасына АОҚ таратылды.