20 маусым 2019ж.

 

Алматы облыстық ЖИТС орталығының Талдықорған қаласы филиалының мамандары халықтың осал топтарымен жұмыс атқаратын аутрич қызметкерлердің білімін күшейту  мақсатында семинар өткізілді.

 

Семинар жұмысына орталықтың алдын алу және эпидемиологиялық бөлімінің меңгерушісі А.А.Кәріпханова, аутрич қызметкерлері, достық кабинеті мен сенім пункттерінің медицина қызметкерлері қатысты.

 

Қатысушылар назарына «АИТВ және ЖИТС бойынша эпидемиологиялық жағдай» атты презентация ұсынылды. Достық кабинеті мен сенім бекеттерінің, аутрич қызметкерлердің қызметінде орын алған мәселелер талқыланды.

 

Қатысушылардың білімін бағалау  алдын және соңғы тесттер көмегімен жүргізілді.