Created: 04 Ақпан 2020
1058

Біздің мамандар Сейдахмет Бердіқұлов атындағы мектепте

30 қаңтарда «Алматы облыстық ЖИТС-тың алдын алу және оған қарсы күрес орталығы» КМҚК алдын алу бөлімінің мамандары Жамбыл ауданы, Узынағаш ауылындағы С.Бердіқұлов атындағы орта мектеп оқушылары арасында «АИТВ жұқпасының алдын-алу» тақырыбында семинар өткізді.

Семинар барысында «АИТВ туралы ақпарат» бейнеролигі көрсетілді.

Қатысушыларға індеттің аймақта таралуы, жұқтыру жолы және оның алдын-алу шаралары туралы ақпарат берілді.

Оқушылар семинарға белсенді қатысып, өздерін толғандыратын сұрақтарын қойды.

Семинар соңында қатысушыларға АИТВ-ның алдын алу туралы ақпараттық-ағарту материалдары таратылды.

Шараға 128 адам қамтылды.

 

.