26 маусым 2019г.

 

Талдықорған қаласының «Арбат» бойында тұрғындар арасында Халықаралық  нашақорлық және есірткі бизнесіне қарсы күнге орай «Есірткісіз қала!» атты акция өткізілді.

 

Нашақорлықтың алдын алу мен оның қауiптілігі жөнінде хабардарлықты арттыру, салауатты өмір салтын ұстануды насихаттау мақсатындағы акцияны Алматы облыстық СӨС, ІІБ Есірткі бизнесіне қарсы күрес басқармасы, Жастар ресурстық орталығы және ЖИТС-тің алдын алу және оған қарсы күрес орталығы бірлесіп ұйымдастырды.

 

Акция барысында Алматы облысы ІІБ Есірткі бизнесіне қарсы күрес басқармасының қызметкерлері мен кинологиялық орталық қызметкерлері және олармен бірге «Белла» есімді ит есірткіні қалай анықтайтынын көрсетті (мастер-класс).

 

Іс-шараның мақсаты – қала тұрғындарына есірткі бизнесіне қарсы күрес туралы айтып беру, есірткі сататын орындар туралы хабарлау үшін қолданылатын сенім телефоны туралы еске салу және т.б