27 маусым 2019ж.

 

Алматы облыстық ЖИТС-тің алдын алу және оған қарсы күрес орталығының ұжымы бүгінгі өткен жиналыста осылай шешті.

 

Орталық басшысы Сәуле Ермекқызы Сауранбаеваның «Бір күндік еңбекақы қаражатын жарылыстан зардап шеккен Арыс халқына көмек ретінде аударайық» деген ұсынысын бірауыздан қолдаған ұжымдастар, сондай-ақ кәсіподақ ұйымының көшбасшысы мен көмекшілерін де сайлап алды.

 

Бұл сенімге  кадр бөлімінің инспекторы Күлтәй Интина, ал оның көмекшілігіне Г.Шонабай,  Б.Райымбеков, Н.Сүмбебаева көпшілік дауыспен лайық деп танылды.