Created: 05 Ақпан 2020
741

Оқушылар АИТВ жұқпасының алдын алу туралы көбірек білді

Алматы облыстық ЖИТС орталығының мамандары аудандарда АИТВ-ның алдын алу бойынша жұмыс жүргізуде. 4 ақпанда олар Жамбыл ауданы, Аққайнар ауылында жоғары сынып оқушыларымен кездесу ұйымдастырды.

«АИТВ жұқпасы. Білу және есте сақтау маңызды». Оқушылармен бірге орта мектеп мұғалімдері де тақырыпты талқылады. Іс-шара барысында вирустың таралуы туралы презентация көрсетіліп, есірткі заттарды қолданудың жағымсыз әсеріне ерекше назар аударылды. Келесі кезекте қатысушыларға тақырыптық фильм көрсетілді.

Сонымен қатар, іс-шара соңында студенттер викторинаға қатысып, АИТВ және ЖИТС туралы білімдерін көрсетті.

Қамту - 113 адам. 400 АОҚ таратылды.

 

.