Created: 07 Ақпан 2020
844

Басты мақсат - мінез-құлық дағдыларын қалыптастыру

Біздің эпидемиологтар Талдықорғандағы № 27 мектеп-гимназиясының жоғары сынып оқушыларымен және мұғалімдерімен кездесті.

Кездесу барысында қатысушылар аймақтағы эпидемиологиялық жағдаймен танысты. Өз сөзінде Р.Сахариев жастар арасында АИТВ-ны жұқтырудың алдын алуға бағытталған шараларды, АИТВ-ға қатысты профилактикалық іс-қимыл дағдыларын дамыту және салауатты өмір салтын сақтау қажеттілігіне тоқталды.

Жастар аталмыш мәселені талқылауға белсене қатысты, АИТВ жұқтырған адамдарға қатысты стигма мен дискриминацияны жою, нашақорлық, жыныстық жолмен берілетін жұқпалардың алдын алу бойынша сұрақтар қойды.

127 адам қамтылды.

 

.