7 тамыз 2019ж.

 

Алматы облыстық ЖИТС орталығының мамандары облыстық СӨС қызметкерлерімен бірлесіп Талдықорған қаласының Халыққа қызмет көрсету орталығында (ХҚКО) акция өткізді.

Ұйымдастырылған іс-шараның мақсаты – жастардың АИТВ жұқпасы туралы хабардар болу деңгейін арттыру, денсаулықты сақтау мәселелеріне назар аудару және салауатты өмір салтын насихаттау.

Іс-шара ақпараттық минуттан басталды, онда орталық мамандары өңірде АИТВ жұқпасының таралу жолдары мен алдын алу шаралары, эпидемиологиялық жағдайы туралы айтты, аудиториямен инъекциялық есірткіні қолданатын адамдардың АИТВ жұқтыруына ықпал ететін факторларды талқылап, бейнероликтер мен презентациялар көрсетілді.

Акция барысында қатысушылар дәрігерлерге сұрақтар қойып, АИТВ-ға жедел тестілеуден өтуге мүмкіндік алды.

427 ақпараттық-оқыту материалдары таратылды.

Іс-шараға 147 адам қамтылды.

Жедел тестілеуден  16 адам өтті.