Created: 07 Ақпан 2020
637

Оқушылар маңызды ақпарат алды

Алматы облыстық ЖИТС орталығы мамандарының ұйымдастыруымен Талдықорғандағы Мағжан Жұмаабев атындағы мектеп-гимназия оқушылары мен ұстаздары үшін «АИТВ жұқпасының алдын ал» тақырыбында семинар-дәріс өтті.

Эпидемиолог Марал Матембаева жұқпа жайлы мағлұмат беріп, аймақтағы эпиджағдайды баяндады. Оқушылар бейнеролик тамашалаған соң алған білімдерін қорытындылау үшін викториналық ойынға қатысты. Дәрігерге сұрақтарын қойып, толық жауаптар алды.

Қатысушыларға ақпараттық-оқыту материалдары таратылды. Жалпы қамту – 160 адам.

  

.