Created: 07 Ақпан 2020
778

Қаскелең қаласында алдын алу жұмыстары жүруде  

 

Бүгінгі таңда Алматы облыстық ЖИТС орталығының алдын алу бөлімінің меңгерушісі Гүлмира Жақанова Қарасай ауданы мектептері, колледж оқушылары мен ұстаздарына, сондай-ақ бизнес құрылымдарына арнайы ат басын бұрып, АИТВ жұқпасының алдын алу бойынша іс-шаралар өткізуде.

Атап айтқанда, кеше маман Қаскелең қаласындағы Абай, С.Керімбеков, В.Белинский, А.Пушкин, А.Байжанов атындағы орта  мектептерде жас ұрпақ денсаулығына қатысты маңызды ақпаратпен бөлісті. Яғни, АИТВ жұқпасының берілу жолдары мен алдын алу  шаралары, аймақтағы эпиджағдай туралы жан-жақты әңгімеледі. Салауатты өмір салтын сақтау әр адамның денсаулығының кепілі екенін қадап айтты.

Жасөспірімдер сұрақтарына толыққанды жауаптар алып, ақпараттық-оқыту материалдарымен қамтамасыз етілді.

.