9 қыркүйек 2019ж.

 

ЖИТС-тың алдын алу және оған қарсы күрес жөніндегі Алматы облыстық орталығының эпидемиолог дәрігері Д.Серікболатов Талдықорған гуманитарлық-техникалық колледжінің студенттеріне «АИТВ жұқпасының алдын алу» тақырыбында семинар өткізді.

Маман АИТВ-ның берілу жолдары мен қауіп факторлары туралы айтып, тыңдаушыларды облыстағы қалыптасқан эпидемиологиялық жағдаймен таныстырды. Сондай-ақ АИТВ-мен өмір сүретін адамдардың стигмасы мен кемсітушілік, МӘМС кезіндегі мемлекеттік кепілдіктің мәселелері қозғалды.

Оқу ролигінің көрсетілімі балаларға қызықты сұрақтар қоюға мүмкіндік берді.

Тыңдаушылар саны-134 адам.