9 қыркүйек 2019ж.

 

6 қыркүйекте Алматы облыстық ЖИТС орталығы мамандары мен «Қос қанат Жетісу» қоғамдық бірлестігінің белсенділері бірлесіп Талдықорған Заң колледжінде «АИТВ жұқпасының алдын алайық!» атты акция ұйымдастырды.

Білім шаңырағының шәкірттері мен ұстаздары  эпидемиолог-дәрігерлер мен қоғамдық белсенділер тарапынан айтылған АИТВ жұқпасының берілу мен алдын алу жолдары туралы ақпаратты бар ынтамен тыңдап,  аймақтағы эпидемиологиялық жағдай барысымен танысты.

«АИТВ/ЖИТС жайлы не білеміз?» атты зерделілер ойынында «Шамшырақ» тобы жеңіске жетті.

Шара соңында жастар  ЖИТС-ке қарсы өз жауаптарын флеш-моб арқылы жеткізді.

Акцияға 147 адам қатысты. 280 АОҚ таратылды.