10 қыркүйек 2019ж.

ҚР ДСМ қолданыстағы бұйрығы бойынша ІІД қызметкерлері арасында білім деңгейін арттыру мақсатында дәрігер-эпидемиолог Ү. Махаметалина Алматы облысы, Іле аудандық ішкі істер бөлімінің жеке құрамымен семинар өткізді.

Маман АИТВ жұқпасының  берілу жолдары мен қауіп факторлары туралы айтып, тыңдаушыларды облыстағы қалыптасқан эпидемиологиялық жағдаймен таныстырды. Сондай-ақ АИТВ-мен өмір сүретін адамдарға стигма және кемсітушілік мәселелері қозғалды.

Тыңдаушылар саны – 120 адам.

300 АОҚ  таратылып, 2 плакат сыйға тартылды.