10 қыркүйек 2019ж.

Іле ауданына қарасты Жетіген ауылдық округінде орналасқан №78639 әскери бөлімі қызметкерлері  үшін  АИТВ жұқпасының алдын алу бойынша семинар өтті.

Ашық алаңда оқу-жаттығу сабақтарын өткізіп жатқан әскерилер бір сәтке әскери шатырға  жиналып, Алматы облыстық ЖИТС орталығының  дәрігер-эпидемиологы Үржан Мұхаметалинаның пайдалы  дәрісін ұйып тыңдады. 

Аймақтағы және елдегі эпидемиологиялық жағдайға қаныққан соң  тыңдаушылар дәрігерге қызықты сұрақтар қойып, қызу пікірталасқа түсті.

Дәріске 44 адам қатысты.

400 АОҚ таратылды.