10  қыркүйек 2019ж.

Алматы облыстық ЖИТС орталығының эпидемиологы Үржан Мұхаметалина Іле ауданының орталығы – Өтеген батыр кентіндегі М.Мақатаев атындағы №13 орта мектепте  8-сынып оқушылары үшін АИТВ жұқпасының алдын алу бойынша дәріс-сабағын  өткізді.

Мектеп директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Айгүл Жәбел дәрігерді жылы жүзбен қарсы алып, акт залына жиналған балаларға таныстырды. Маман жасөспірімдерге АИТВ жұқпасы жайлы толық мәлімет беріп, жұқтыру жолдары мен алдын алу шараларына тоқталды.

Іс-шараға 150 оқушы қамтылды.

200 АОҚ таратылып, 2 плакат сыйға тартылды.