1 қазан 2019ж.

Бүгін Еңбекшіқазақ ауданы, Есік қаласындағы Қаныш Сәтбаев атындағы орта мектептің жоғары сынып оқушылары АИТВ жұқпасының алдын алу шараларымен танысты.

Алматы облыстық ЖИТС орталығының дәрігер-эпидемиологтары оқушылардан сауалнама алып, АИТВ/ЖИТС індеттері жайлы хабардарлық деңгейін білді.

Интерактивті тақта арқылы арнайы слайд-презентацияны тамашалаған балалар мамандарға сұрақтарын жаудырып, семинар соңын жанды пікірталасқа айналдырды.