Created: 26 Ақпан 2020
115

Үшқоңыр мектеп-гимназиясында ақпараттық шара өтті

Бүгін Алматы облыстық ЖИТС орталығының мамандары Қарасай ауданы, Үшқоңыр ауылындағы мектеп-гимназиясының оқытушылары мен жоғары сынып оқушылары үшін  «АИТВ жұқпасының алдын алу» атты семинар өткізді.

Соңғы статистика және АИТВ жұқпасының алдын алу шаралары туралы ақпарат берілді.

Семинар барысында мамандар «АИТВ жұқпасы туралы не білу керек?» атты викторина өткізді. Викторина халықтың АИТВ және оның алдын-алу шаралары туралы хабардар болу деңгейін анықтау мақсатында ұйымдастырылды.

Қатысушылар іс-шараға белсенді қатысып,  сұрақтарына жауаптар алды.

Семинарға 100-ге жуық адам қатысты.