1 қазан 2019ж.

 

Еңбекшіқазақ ауданында жалғыз жекеменшік гимназия бар. Гуманитарлық бағытта білім беретін шаңыраққа бас сұққан біздің мамандар бүгін жоғары сынып оқушыларының АИТВ/ЖИТС жайлы білімдерін саралап қайтты.

 

Еліміздегі және аймақтағы эпидемиологиялық жағдайдан мәлімет ұсынған оқыту бейнеролигін тамашалаған соң жастар өздерін мазалаған сұрақтарын жаудырды. Сондай-ақ семинарда стигма, кемсітушілік, МӘМС жайлы ақпараттар берілді.