3  қазан 2019ж.

 

Бүгін Алматы облыстық ЖИТС-тің алдын алу және оған қарсы күрес орталығының мамандары Қаскелең қаласындағы Абдырахман Байжанов атындағы орта мектеп оқушылары мен ұстаздары үшін «АИТВ жұқпасының алдын алу» тақырыбында семинар өткізді.

Дәрігер-эпидемиолог Ләззат Байманова аймақтағы эпидемиологиялық жағдайдан мәлімет беріп, жұқпаның берілу мен алдын алу шараларына тоқталды. Бейнеролик көрсетілді, ақпараттық-оқыту құралдарын таратылды. Семинар соңында маман оқушылардың сұрақтарына жауап берді.