4 қазан 2019 ж.

Кеше Алматы облыстық ЖИТС-тің алдын алу және оған қарсы күрес орталығының маманы О.Потуданская  Қаскелең қаласындағы А.С.Пушкин атындағы орта мектептің жоғары сынып оқушылары мен ұстаздары үшін «АИТВ жұқпасының алдын алу» тақырыбында семинар өткізіп қайтты.

Оқыту бейнеролигі көрсетілген соң көмекші эпидемиолог аймақтағы эпидемиологиялық жағдайға, жұқпаның берілу мен алдын алу шараларына тоқталды. Семинарға қатысушылар ақпараттық-оқыту құралдарымен танысқан соң маманға сұрақтарын қойды.