Created: 28 Ақпан 2020
767

Шамалғандық мектеп оқушыларымен әңгіме

27 ақпанда Алматы облыстық ЖИТС орталығының маманы Меруерт Чажаева Қарасай ауданы Шамалған ауылындағы қазақ орта мектебінің оқушылары және мұғалімдерімен семинар-әңгіме өткізді. Мақсат - АҚТҚ-ның алдын-алу туралы білімді арттыру.

Дәрігер балаларға АИТВ/ЖИТС-тің аймақтағы эпидемиологиялық жағдайы, берілу жолдары және алдын-алу шаралары туралы айтып берді. Барлығы әркімнің мінез-құлқына және темекі шегу сияқты жаман әдеттерден аулақ болуына байланысты екеніне баса назар аударды. Ал мұғалімдермен  АИТВ-мен өмір сүретін адамдарға стигма мен кемсітушілікке жол берілмеу туралы әңгімелесті.