29 қыркүйек 2020ж. сағат 14:00-де «Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Тауарлар мен қызметтердің сапасын бақылау және қауіпсіздік комитетінің Алматы облысы тауарлар мен қызметтердің сапасын бақылау және тауарлар қауіпсіздігі департаменті» РММ және «Алматы облыстық ЖИТС-тің алдын алу және оған қарсы күрес орталығы» КМҚК мамандарының әр ауданның дәрігер-эпидемиологтарымен бірлескен онлайн-кездесуі өтеді.
Тақырыбы: «АИТВ жұқпасының алдын алу».
Қатысушылар: ТҚСБҚК мен АО ЖИТС орталығының және аудандардың дәрігер-эпидемиологтары.
Спикерлер:
- Г.А. Жақанова - алдын алу жұмыстары бөлімінің меңгерушісі;
- С.П.Петерс - Талғар аудандық орталық ауруханасының дәрігер-валеологы;
- А.М.Ақылбекова - Талғар аудандық орталық ауруханасының педагог-валеологы.
Алматы облысы АИТВ жұқпасына шалдығу деңгейі бойынша Қазақстан Республикасында 9-орында.
2020 жылдың 8 айында АИТВ жұқпасының 167 жаңа жағдайы тіркелді (2019ж.- 227 жағдай), 100 мың адамға шаққандағы көрсеткіш - 8.1.
Кездесуде мамандар 2020 жылдың бірінші жарты жылдығында Алматы облысы тұрғындарын тестілеуге сараптама жасайды және медициналық ұйымдарда АИТВ жұқпасының алдын алу бойынша атқарылған санитарлық-эпидемиологиялық шараларды талдайды.