Ресми интернет-ресурсқа қош келдіңіз

Халықтың АИТВ-инфекциясының алдын алу шаралары туралы ақпараттану деңгейін арттыру және өз денсаулығына жауапкершілікпен қарау көзқарасын қалыптастыру мақсатында 2026 жылғы қаңтар–ақпан айларында профилактикалық бағыт мамандары Алматы облысының ЖШС және АҚ кәсіпорындарының қызметкерлері арасында ақпараттық-түсіндіру іс-шараларын өткізді.

Алдын алу кездесулері жұмыс орындарында ұйымдастырылып, АИТВ-инфекциясының жұғу жолдары, алдын алу әдістері, уақтылы тестілеудің маңыздылығы және АИТВ-мен өмір сүретін адамдарға қатысты кемсітушілікке жол бермеу мәселелері түсіндірілді.

Іс-шаралар Жамбыл ауданының Үзынағаш ауылында орналасқан «Алматы QZG Панель» және «Құм Бел Капитал» ЖШС-терінде; Қарасай ауданы Қаскелең қаласындағы «СК Рахат», «Isker Company» ЖШС-терінде және «АЖК» АҚ-да; Іле ауданы Қоянқұс кентіндегі «АВЗ» ЖШС-інде; Іле ауданы А. Токпанов кентіндегі «Абди Ибрахим Глобал Фарм» ЖШС-інде; Қарасай ауданы Бұлақты кентіндегі «Диаманд» ЖШС-інде, сондай-ақ Қарасай ауданы Қаскелең қаласындағы «Компания Орда Шатыр» ЖШС-інде өткізілді.

Барлығы 9 профилактикалық іс-шара өткізілді, жалпы қамту 1 122 адамды құрады. Профилактикалық жұмыстармен Жамбыл, Іле және Қарасай аудандары қамтылды.

Еңбек ұжымдары арасында профилактикалық жұмысты жүргізу АИТВ-инфекциясының таралу қаупін төмендетуге, халықтың білім деңгейін арттыруға және денсаулықты сақтауға бағытталған жауапты мінез-құлық мәдениетін қалыптастыруға ықпал етеді.