Ресми интернет-ресурсқа қош келдіңіз

2026 жылдың наурыз айының басында Қарасай ауданының Шамалған ауылында орналасқан Көпсалалы кәсіптік оқыту колледжінде студенттерге арналған АИТВ инфекциясының алдын алу тақырыбында ақпараттық кездесу өтті. Іс-шараны Алматы облыстық ЖИТС орталығының алдын алу жұмыстары бөлімінің эпидемиолог маманы Н. Касымов ұйымдастырды.

Кездесудің басты мақсаты – 15–29 жас аралығындағы жастар арасында АИТВ инфекциясы туралы білім деңгейін арттыру, инфекцияның таралу жолдары мен алдын алу шараларын түсіндіру, сондай-ақ жастарды өз денсаулығына жауапкершілікпен қарауға шақыру болды.

Семинар барысында студенттерге АИТВ инфекциясының берілу жолдары, қауіп факторлары және дер кезінде тексеруден өтудің маңыздылығы туралы кеңінен ақпарат берілді. Сонымен қатар маман жастар арасында жиі кездесетін қате түсініктер мен мифтерге тоқталып, олардың орнына ғылыми негізделген нақты мәліметтер ұсынды. Семинарға колледждің 87 студенті қатысты.

Іс-шара ашық диалог форматында өтіп, студенттер өздерін қызықтырған сұрақтарын қойып, пікір алмасты. Қатысушыларға түрлі жағдаяттық тапсырмалар мен шағын талқылаулар ұсынылып, бұл олардың тақырыпты жақсырақ меңгеруіне ықпал етті.

Осындай ақпараттық іс-шаралар жастар арасында АИТВ мәселесі бойынша дұрыс түсінік қалыптастырып, аурудың алдын алуға және салауатты өмір салтын насихаттауға бағытталған маңызды қадам болып табылады.