2026 жылдың наурыз айының басында Еңбекшіқазақ ауданындағы «Тахет» медициналық орталығында дүниежүзілік туберкулезге қарсы айлық акция аясында және АИТВ инфекциясының алдын алу мақсатында ашық есік күні ұйымдастырылды. Іс-шара облыстық туберкулезге қарсы орталық мамандары мен дәрігер-фтизиатр Г. Ерекеннің қатысуымен өтті.
Шара барысында тұрғындарға АИТВ инфекциясының жұғу жолдары, алдын алу шаралары және уақтылы тексерілудің маңызы туралы кең көлемді түсіндіру жұмыстары жүргізілді. Мамандар қоғамда денсаулыққа жауапкершілікпен қараудың маңыздылығын атап өтті.
Келушілерге экспресс-тест әдісімен тегін тестілеу мен өкпені рентгендік тексеруден өткізу ұсынылды. Барлығы 35 адам АИТВ –ға тексеруден өтті. Ұйымдастырушылардың айтуынша, мұндай шаралар тұрғындар арасында салауатты өмір салтын насихаттап, АИТВ инфекциясының таралуының алдын алуға бағытталған.

