2026 жылдың 10 сәуірінде Талғар ауданындағы №25 мектеп-гимназиясында жоғары сынып оқушыларына (8–11 сыныптар) арналған “АИТВ-ның алдын алу” мақсатында семинар өтті. Жалпы саны 230 оқушы қатысқан іс-шара — Алматы облыстық ЖИТС-ның алдын алу және оған қарсы күрес орталығы, Талғар аудандық орталық ауруханасы және Жастар денсаулық орталығы мамандарының бірлесуімен ұйымдастырылды.
Алматы облыстық ЖИТС орталығының эпидемиолог маманы А. Сұлтанова жасөспірімдерге АИТВ-ның жұғу жолдары, алдын алу шаралары, өз денсаулығына жауапкершілікпен қараудың маңыздылығы туралы кеңінен айтып, инфекцияға қатысты кең таралған қате түсініктерді түсіндіріп өтті.
Сондай-ақ, Салауатты өмір салтын қалыптастыру (СӨС) маманы, валеолог — А. Ақылбекова, тәжірибелі дәрігер-фтизиатр — Н. Садықова, Жастар денсаулық орталығының психологы — Х. Құсайынова — жасөспірім шақтағы эмоционалды тұрақтылық пен зиянды әдеттерге «ЖОҚ» деп айту, иммунитетті инфекциялық аурулардан сақтану жолдары туралы кәсіби кеңестерімен бөлісті.
Ашық пікір алмасу форматында өткен семинарда оқушылар көкейлеріндегі сұрақтарын қойып, нақты әрі кәсіби жауаптар алды. Өткізілген бұл шаралар Талғар ауданының жастарында денсаулыққа саналы көзқарас қалыптастыруға, АИТВ инфекциясының алдын алуға және салауатты өмір салтын насихаттауға зор үлес қосады.
Сондай-ақ, жас буынның саналы таңдау жасап, салауатты қоғам қалыптастыруына бағытталған маңызды қадамдардың бірі.

