Ресми интернет-ресурсқа қош келдіңіз

2026 жылғы 17 сәуірде Талғар ауданында АИТВ инфекциясының алдын алу тақырыбында дөңгелек үстел ұйымдастырылып өтті.

Іс-шараға алдын алу жұмыстары бөлімінің меңгерушісі Л. Абдукаримова, эпидемиолог Н. Касымов, аудандық білім бөлімінің әдіскері А. Абеуова және Талғар аудандық ауруханасының мамандары қатысты. Атап айтқанда, нарколог дәрігер М. Рыспанова, гинеколог А. Шайық, салауатты өмір салты дәрігері А. Ақылбекова., психолог Х. Кусаинова өз тәжірибелерімен бөлісті.

Кездесуге мектеп директорлары, директорлардың тәрбие ісі жөніндегі орынбасарлары, биология пәні мұғалімдері және мектеп медбикелері қатысты. Талқылау барысында АИТВ инфекциясының таралу жолдары, алдын алу шаралары және жастар арасында ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын күшейту мәселелері қарастырылды.

Қатысушылар пікір алмасып, білім беру ұйымдарында профилактикалық жұмыстарды жүйелі түрде жүргізудің маңыздылығын атап өтті. Дөңгелек үстел қорытындысы бойынша алдағы уақытта бірлескен іс-шараларды ұйымдастыру қажеттігі айтылды. Қатысушылар саны: 61

Сонымен қатар, Талғар қаласындағы Абай атындағы №3 жалпы білім беретін мектепте 8–11 сынып оқушыларына арналған семинар өтті.

Семинар барысында оқушыларға АИТВ инфекциясының таралу жолдары, алдын алу шаралары, жеке бас гигиенасы және салауатты өмір салтының маңыздылығы туралы толық ақпарат берілді. Мамандар жасөспірімдер арасында жауапты мінез-құлық қалыптастыру мен зиянды әдеттердің алдын алуға ерекше назар аударды.

Оқушылар өз сұрақтарын қойып, мамандардан жан-жақты жауап алды.
Қатысушылар саны 73. Іс-шаралар жасөспірімдердің денсаулыққа деген жауапкершілігін арттыруға бағытталды.