2024 жылдың 2 — 4 мамыр арасында `Алматы облысы ЖИТС орталығының мамандары Балхаш ауданының ауылының кәсіпорнындары мен Ішкі Істер Басқармасына семинар ұйымдастырды. ЖИТС орталығының дәрігер эпидемиологы А.Ибраимова АИТВ инфекциясы туралы бейнероликтер көрсетіп, АИТВ жұқтырған адамдардың өмірінен нақты мысалдар келтірді. Алматы облысындағы 2023 жылға арналған эпидемиологиялық жағдай туралы ақпарат берілді.
3 күннің өзінде 9 бизнес-құрылым мен ІІБ-сы семинарлар, лекциялар мен презентациялармен қамтылды. Осы уақыт ішінде кәсіпкерлік құрылымдардың 533 жұмысшыларға және Ішкі істер Басқармасының 67 қызметкеріне 20 ақпараттық-білім беру материалдары таратылды.
Сонымен қоса Балқаш көпсалалы аурухана дәрігерлерімен бірлесе отырып «Жастар арасында АИТВ жұқпасының алдын алу» тақырыбында, орта білім беретін мектеп директорларларының тәрбие ісі жөніндегі орынбасарлары, биология пән мұғалімдері, мектеп мейірбикелері, жоғарғы сынып оқушыларының ата-аналарына дөңгелек үстел өтілді. Ал 8-11 сынып оқушылары, колледж студенттеріне, колледж мұғалімдеріне семинар өткізілді. Эпидемиолог маманы Н.Касымов 2023 жылдың 12 айлық эпидемиологиялық жағдайларына тоқталды. 15-29 жасөспірімдер арасында АИТВ жұқпасының таралу деңгейін баяндады.