Маусым айының 4-нен 14 – і аралығында Алматы облыстық ЖИТС орталығының мамандары: «Шин-Лайн» ЖШС, «ФитОлеум» ЖШС, «Холдинг Алатау -Су» ЖШС, «Gold produkt» АҚ, «ОО ТЛЦ», «Казахстанский завод медных сплавов» ЖШС, «Азияметком», «Алматинский вентилярный завод» ЖШС кәсіпорындарында семинар ұйымдастырды. ЖИТС орталығының дәрігер эпидемиологы А.Ибраимова АИТВ инфекциясы туралы бейнероликтер көрсетіп, АИТВ жұқтырған адамдардың өмірінен нақты мысалдар келтірді. Эпидемиологиялық жағдай мен және инфекцияның таралу жолдары туралы ақпарат алды. 1205 жұмыскер қамтылды, 22 ақпараттық-білім беру материалдары таратылды.