Нашақорлық пен зиянды әдеттердің алдын алу айлығын қорытындылау аясында ШЖҚ «Облыстық психикалық денсаулық орталығы» КМК базасында «Аддиктивті мінез-құлықтың қалыптасу механизмдері. Нашақорлық пен АИТВ инфекциясының алдын алу» тақырыбында ведомствоаралық дөңгелек үстел өтті.
Бұл іс-шараның мақсаты – наркологиялық қызмет пен профилактикалық жүйенің басқа субъектілерімен, сондай-ақ ЖИТС орталығымен өзара әрекеттесу тиімділігін арттыру.
Дөңгелек үстелге Алматы облысы бойынша МСАК-тың психиатрлары, наркологтары және клиникалық психологтары, ЖИТС орталығының мамандары қатысты.
Дәрігер-эпидемиолог А.Аязбаева ағымдағы жылдың 6 айындағы эпидемиологиялық жағдаймен таныстырып, өткен жылдың ағымдағы кезеңімен салыстырғанда парентеральді жолмен және ерлермен жыныстық қатынасқа түскен ерлер арасында АИТВ-инфекциясын анықтау көрсеткіші шамалы өскенін атап өтті. Ал маман Е.Нұрмағанбетов байланысқа дейінгі алдын алу (PrEP), БДА қолданғанда АИТВ жұқтыру ықтималдығы қаншалықты төмендейтіні және дәрілердің тиімділігі туралы егжей-тегжейлі айтып берді.
«Біз мұндай шараларға үнемі қатысамыз, өйткені нашақорлық пен АИТВ-инфекциясы тікелей байланысты. Алматы облысында соңғы жылдары АИТВ негізінен жыныстық қатынас арқылы тарағанымен – вирус жұқтыру жағдайларының 80%-дан астамы. Өйткені, мәні бойынша нашақорлықтың да, АИТВ-инфекциясының да таралуының алдын алу әдістері дерлік бірдей – халықты ақпараттандыру, салауатты өмір салтын насихаттау. Біздің мақсатымыз – жұқтыру қаупі мен АИТВ-инфекциясының салдары туралы айту ғана емес, дені сау адамның қаншалықты тиімді және жарқын өмір сүре алатынын жеткізу. Және бұл үшін қандай қарапайым шарттарды сақтау керек екенін түсіндіру. Осындай жұмыстардың нәтижесін көріп отырмыз – Алматы облысында республика бойынша АИТВ инфекциясының таралу көрсеткіші төмен», — деді дөңгелек үстел соңында ЖИТС орталығының ұйымдастыру-әдістемелік бөлімінің меңгерушісі С.Қожалимова.