Жыл сайынбүкіләлемде,оныңішіндеҚазақстанда да 1-қазан Халықаралыққарттаркүні атап өтіледі.Әрбіразаматтыңлайықтықартаюынқамтамасыз ету туралықамқорлықҮкіметтіңәлеуметтіксаясатыныңнегізгіміндеттерініңбірі болып табылады.Бұлкүніегдежастағыадамдардыңпроблемаларынаерекшеназар аударылады.Ағабуын өкілдері әрқашанқоғамдамаңыздырөл атқарды — оларжастарғаүлгі,тәлімгержәнедәстүрлердісақтаушылар.
Алматы облысында қарттар күніне арналған онкүндік өтуде. Егде жастағы адамдардың құқықтарын қорғау мақсатында бірлестіктер түрлі фестивальдар, конференциялар мен конгрестер ұйымдастырылуда. Алматы облыстық ЖИТС-ның алдын алу және оған қарсы күрес орталығы (бұдан әрі – Орталық) Қарасай аудандық көпсалалы орталық ауруханасының базасында «Ашық есік күнін» өткізуге белсене қатысты, оған қарт адамдар шақырылды. Шараны емхана меңгерушісі А.Утегенова құттықтау сөзбен ашып, қарттарға алғысын білдірді. Орталықтың эпидемиолог-дәрігері А.Ибраимова Алматы облысындағы АИТВ инфекциясының эпидемиологиялық ахуалына тоқталып, 50-ден жоғары жас санатындағы адамдар арасында АИТВ-ның анықталу көрсеткіштеріне баса назар аударды. Психолог Л.Мидилова жеке туындаған мәселелер бойынша өз кеңестерін берді. Емхананың әлеуметтік қызметкері Г.Кыйынбаева терапевт пен мамандардың қабылдауына жазылуға көмек көрсетті. Барлық егде адамдарға қан қысымы мен қан құрамындағы қант мөлшерін өлшеуге жағдай жасалды. Келушілер үшін АИТВ-ға тестілеу алаңы беріліп, ақпараттық материалдар таратылды. Ауданның 185 тұрғынына АИТВ-ға жедел тестілеу жүргізілді. 88 ақпараттық брошюралар таратылды.
«Алматы облысында 40-49 жас аралығындағы жаңадан АИТВ жұқтырғандар саны – 2,6%, 50-59 жас – 8,4%, 60 жас және одан жоғары – 4,9% құрайды. Бірақ антиретровирустық терапияны қабылдау және дәрігердің барлық ұсыныстарын орындау арқылы АИТВ-мен өмір сүретін адамдар ұзақ және қанағаттанарлық өмір сүре алады. Антиретровирусты препараттар арқасында АИТВ оң нәтижелі адамдардың өмір сүру сапасы АИТВ-теріс адамдардың өмір сүру сапасынан еш айырмашылығы жоқ. Ал қарттар күні тестілеуден өтуге және сіздің АИТВ статусыңызды білуге тамаша мүмкіндік болды!» — деп атап өтті дәрігер эпидемиолог А.Ибраимова.